Бахрейн спортшысы қазақстандық файтерді ауыр нокаутқа түсірді

Бахрейн спортшысы қазақстандық файтерді ауыр нокаутқа түсірді

Eurasian Fighting League OLIMPBET серіктестігімен ұйымдастырған OCTAGON SELECTION 26 көрме турнирінде ММА дебютанттарының қатысуымен ауыр нокаут болды, деп жазады Prosports.kz.

Жекпе-жек кешінің алтыншы шайқасында жеңіл салмақта 21 жастағы бахрейндік файтер Мурад Ибрагимов 22 жастағы қазақстандық Ерболат Бекназыммен кездесті.

Жекпе-жектің бірінші раундында Бахрейн спортшысы қарсыласына жойқын соққы бағыттап, жеңіске жетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или