«Барыстың» ұлттық құрамадағы үш ойыншысы биылғы маусымға Ресей азаматы ретінде тіркелген

«Барыстың» ұлттық құрамадағы үш ойыншысы биылғы маусымға Ресей азаматы ретінде тіркелген

«Барыс» хоккей клубының үш ойыншысы Ресей азаматы ретінде тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барыс» ойыншылары Егор Шалапов, Дмитрий Гурков және Эмиль Нургалиев биылғы маусымға Ресей азаматтары ретінде тіркелген.

Олар Құрлықтық хоккей лигасының сайтында Ресей азаматтары ретінде көрсетілді.

Бұрын Егор Шалапов пен Дмитрий Гурков Қазақстан азаматы ретінде сынға түскен. Екі ойыншы да Қазақстан ұлттық құрамасы сапында үш әлем чемпионатында өнер көрсетіп, олимпиадаға іріктеу турнирлеріне қатысты.

Ал Нургалиев Ресей азаматтығын былтыр алған. Ол Қазақстан құрамасының сапында бейресми үш турнирде ойнады.

Қазіргі таңда Қазақстан жанкүйерлерінің альянсы жоғарыда аталған ойыншылардың қос азаматтығы бар-жоғын тексеруді талап етпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или