Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Жапониядан жеңілді
Бүгін Накхон-Ратчасимада (Таиланд) өтіп жатқан волейболдан әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионатының іріктеу кезеңінің төртінші күні аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңдегі келесі ойында қазақстандық волейболшылар жапониялық қарсыластарымен кездесті. Жерлестеріміз 0:3 есебімен есе жіберді.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін құрлық біріншілігіндегі екінші жеңіліс болды. Бұған дейінгі кездесулерде қазақстандықтар Филиппин мен Гонконг құрамасын ұтып, Қытай құрамасынан ұтылып қалды.
Азия чемпионаты. Әйелдер. Топтық кезең
Жапония – Қазақстан 25-13; 25-20; 25-18
Азия чемпионаты 30 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или