«UFC-ге жетемін деп үміттенемін». Нокаутшы қырғыз «Акуласынан» қорықпайтынын айтты
8 қыркүйекте Бішкекте Еуразиялық жекпе-жек лигасы ұйымдастыратын үлкен турнир – OCTAGON 49 өтеді.
Турнир бағдарламасында ауыр салмақтағы қырғызстандық Акбар Бақтыбек уулу (2-2) мен жеңіліп көрмеген қазақстандық Полат Мурсалиев (3-0) арасындағы тартысты кездесу бар.
Prosports.kz тілшісі 18 жастағы спортшымен «Акуламен» өтетін алдағы жекпе-жегіне дайындықтың егжей-тегжейін, сондай-ақ кәсіпқой мансабындағы жоспарларын білу үшін онымен сөйлесуді жөн көрді.
– Полат, 8 қыркүйектегі айқасқа қай жерде, кімнің басшылығымен дайындалдыңыз?
- Келесі жекпе-жекке бұрынғы барлық кездесуім сияқты өз бетімше дайындалып жатырмын. Мен өзім дайындаламын, сондықтан сегізторға шыққанда тек өз күшіме сенемін.
- Сіздің кәсіпқой мансабыңыз лиганың қаралым турнирінен басталды, бірақ қазір сіздің еншіңізде үш жеңіс бар. Өзіңізді неліктен дәл осы лигада сынап көруді шештіңіз?
– 18 жасқа толмаған кезімде-ақ OCTAGON лигасын бақылап жүрдім, маған осы орта мен файтерлер ұнады, сондықтан осы лигада өнер көрсеткім келді. Қазір менің рекордым 3-0, жеңіліс болмағанына қуаныштымын. Жеңіліс болмайды, өйткені мен бұған жол бергім келмейді.

- Жас болғаныңызға қарамастан, сіз сегізтордағы барлық жекпе-жегіңізді бірінші раундта-ақ аяқтадыңыз. Неге бәрі тез болып жатыр?
- Қаласам, менің жекпе-жектерім үш раундқа да созылады немесе керісінше біріншісінде аяқталады. Мен мұның бәрін бақылауда ұстаймын және қарсылас қанша күшті болса да, мен қаласам, оны бірінші раундта жеңемін.
- Акбар Бактыбек уллумен болатын алдағы жекпе-жектен жанкүйерлер не күтуі керек?
– Бұл жолы өз жұмысымды соққылармен көрсеткім келеді. Бірақ күресті де ұмытпаймын.
– Қырғыз файтерінің «Акула» деген лақап аты бар. Бұл сізді қорқытпайды ма?
- Мен Алладан басқа ешкімнен қорықпаймын. Ол акула болсын не басқа болсын, бұл мені қорқытпайды. Мен өз жұмысымды істеуге шығамын.
– Мамырда сіз ресейлік танымал файтер Даниял Эльбаевпен жекпе-жек өткізуге келіскенсіз. Неліктен оған қарсы шығуды жөн деп шештіңіз?
- Маған Даниялмен жекпе-жек қызық, оған қарсы күшімді сынағым келеді. Бұл таза спорттық қызығушылық.

- Ол мансабыңыздың осы кезеңінде сіз үшін тым ауыр қарсылас емес пе?
- Ол маған зиян тигізе алмайды деп ойлаймын. Карьерамда үш-ақ жекпе-жек өткізсем де, ауыр салмақтағы кез келгенімен төбелесуге дайынмын.

– Алдағы жекпе-жек алдында Акбар Баутыбек уллуна не айтар едіңіз?
- Оған не айтарымды да білмеймін. Барлық қарсыласты құрметтейміз. Акбарға сәттілік, бізге жеңіс тілеймін.
– ММА-да қандай биіктерге жетуді жоспарлап отырсыз?
– Биік белестерді бағындырып, иншалла, UFC-де ауыр салмақта Қазақстаннан шыққан алғашқы спортшы атанғым келеді. Мен 10-0 рекордын жасауды жоспарлап отырмын, содан кейін OCTAGON мені көптеген файтер сияқты UFC-ге көтереді деп үміттенемін.
Фото: OCTAGON
OCTAGON 49 турнирінің билеттерін kassir.kg сайтынан алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 49 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink