«Астана» баскетболшылары жолдастықта матчта сенімді жеңіске жетті

«Астана» баскетболшылары жолдастықта матчта сенімді жеңіске жетті

Астанада «Сарыарқа» велотрегінде жергілікті «Астана» Минскке қарсы жолдастық сынақ кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жолдастық кездесу 92:65 есебімен қазақстандық спортшылардың жеңісімен аяқталды.

Ертең Астананың фарм командасы да беларусь клубына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, елордалық клубтың бірнеше баскетболшысы Қазақстан құрамасына шақырту алған болатын.

Рустам Мурзағалиев, Руслан Айтқали, Дмитрий Гаврилов, Роман Марчук және Вадим Щербак ұлттық құраманың 7-21 қыркүйек аралығында Атырауда өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или