Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы жеңіске жетті
Таиландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Азия чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін D тобындағы 2-турда Қазақстан құрамасы Гонконгты сенімді жеңіп (3-0), өз орнын нықтай түсті. Матч 25-16, 25-23, 25-17 есебімен аяқталды. Кеше біздің волейболшылар Филиппинмен ойнап, тай-брейкте басым түскен. Енді отандастарымызды ертең Қытай (1 қыркүйек) құрамасымен топтағы шешуші ойын күтіп тұр. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 6 қыркүйекте анықталады.

Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 14 ел өз құрамасын жіберді. Осыған дейін 2019 жылы өткен додада Жапония волейболшылары топ жарған. Алдағы күндері үздік шыққан 3 құрамаға Азия атынан 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама беріледі.