Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегі туралы жоспарын айтты

Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегі туралы жоспарын айтты

Жақында ғана UFC-де сәтті дебют жасаған Асу Алмабаев лигадағы екінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Асудың айтуынша, ол жыл аяғына дейін тағы бір жекпе-жек өткізгісі келеді.

«Жиі жекпе-жек өткізуге тырысамын, әрқашан формада боламын. 26 қыркүйекте жекпе-жек өткізуді ұсынған, бірақ UFC өзі ол кездесуден бас тартты. Өйикені формада болуым керек, жыл аяғына дейін кем дегенде тағы бір рет өнер көрсеткім келеді », - деді файтер.

Айта кетейік, UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде Алмабаев екінші раундта Оде Осборнды қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или