Емельяненконың ММА одағының басшысы қызметінен не себепті кеткені белгілі болды
Ресей ММА одағының вице-президенті Андрей Терентьев Федор Емельяненконың ұйым президенті қызметінен кетуінің себебін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кетудің себебі? Күнделікті қиын жұмыс - адамды тез шаршатады . Бірақ Федор Одақта қалады, бәрі жақсы. Келесі президент? Мен қазір атқарушы міндетіндемін, конференцияда шешім қабылдаймыз, кандидаттарды таңдаймыз, сөйлесеміз. Әдетте конференция жыл соңында өтеді, біз оның қорытындысын шығарамыз», - деді Терентьев.
19 тамызда Емельяненконың Ресей ММА одағының президенті қызметінен кеткені белгілі болды. Ол ұйымды 2012 жылы құрылғаннан бері басқарды. 2018 жылдың қазанында Федор бұл қызметтен кетті, бірақ 2022 жылдың маусымында ол қайтадан одақтың басшысы болып сайланды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или