«Джакстың» жеңісі және Өзбекстаннан шыққан жаңа чемпион

«Джакстың» жеңісі және Өзбекстаннан шыққан жаңа чемпион

18 тамызда Бакуде аралас жекпе-жектен OCTAGON 48 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Жанкүйерлер Baku Sports Hall-да Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия және Грузиядан келген файтерлер қатысқан 15 жекпе-жекті тамашалады.

Кештің басты жекпе-жегінде әзербайжандық Гундуз Набиев (6-4) пен өзбекстандық Ислом Болтаев (3-2) орта салмақтағы «уақытша» чемпиондық атақты сарапқа салды. 

Турнирдің алғашқы жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесінде екі жергілікті спортшы Турак Алиев (1-0) пен Хасан Хасанов (2-1) кездесті. 18 жастағы Алиев екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Одан кейін ең жеңіл салмақ санатының өкілдері Мехди Гасанов (1-1) пен Джавид Рзаев (3-0) өнер көрсетті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Хасанов жеңіске жетті.

Жеңіл салмақта грузин файтері Амирхан Сахокия (2-0) әзербайжандық Хейдар Хашимзадемен (2-1) кездесті. Бұл кздесуде әзербайжан өкілі техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Кештің келесі жекпе-жегінде тағы да грузин-әзербайжан текетіресі өтті. Ең жеңіл салмақта Ника Каландадзе (3-1) мен Зафар Абдурахманов (2-2) кездесті. Екінші раундта Әзербайжан спортшысы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Жеңіл салмақтағы кезекті кездесуде Грузия өкілі Ника Джкониа (1-0) Түркия өкілі Гуванч Дадаевпен (1-1) кездесті. Үшінші раундта Джкониа мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жекте түрік файтері Кемаль Салих (2-3) пен қазақстандық Тимур Қуаныш (2-0) кездесті. Салих жекпе-жектен бас тартып, кездесу басталмай жатып аяқталды. Қуанышқа жеңіс бұйырды. 

Жеңіл салмақта Әзербайжан-Қазақстан кездесуінде турнир қожайыны Джавад Маммедхасанов (3-1) Еламан Жетпісбаймен (1-0) кездесті. Үшінші раундта Жетпісай техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жартылай орта салмақта жергілікті спортшы Турал Асгеров (2-1) пен қазақстандық Әлібек Сейдазым (1-1) кездесті. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды, әзербайжан өкілі техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жартылай жеңіл салмақта Түркиядан келген Фатих Шентюрк (2-2) пен әзербайжандық Исмаил Исмаилзаде (3-2) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, Фатих Шентюрк төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Негізгі кардтың келесі жекпе-жегінде қазақстандық Сержан Сапарғалиев (4-8) әзербайжандық Гадир Муслунзадемен (7-4) кездесті. Жекпе-жек соңына дейін созылып, екіге бөлінген шешіммен Сапарғалиев жеңіске жетті.

Шараның негізгі кардында Әзербайжанның жеңілмеген өкілі Элтаж Хасанов (7-0) қазақстандық Жансерік Жақсығұловпен (4-3) кездеседі. «Джакс» бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.  

Жартылай жеңіл салмақта жеңілмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (4-0) жергілікті тәжірибелі файтер Эльнар Ибрагимовпен (17-8) кездеседі. Бұл кездесуде қырғыз файтері сенімді түрде жеңіске жетті. 

Кештің тағы бір жекпе-жегі тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодиллоев (6-1) пен әзербайжандық Роял Лейлизаде (5-0) арасында өтті. Үш раундының қорытындысы бойынша әзербайжан өкілі жеңіске жетті. 

Негізгі жекпе-жекте қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Руслан «Барс» Серікпулов (17-17) пен әзербайжандық Акшын Бабаев (22-9) кездесті. Қос файтер арасындағы екінші кездесуде де отандасымыз жеңіске жетті. Реванш екінші раундта аяқталды.

Кештің басты жекпе-жегінде әзербайжандық Гундуз Набиев (6-4) пен өзбекстандық Ислом Болтаев (3-2) орта салмақтағы «уақытша» чемпиондық атақты сарапқа салды. Кездесу төртінші раундта аяқталды, өзбек файтері жеңіске жетіп, уақытша чемпион атанды. 

Еуразиялық жекпе-жек лигасының келесі турнирі – OCTAGON 49 8 қыркүйекте Бішкек қаласында өтеді.

Фото:OCTAGON

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или