Қуат Хамитов ресейлік ММА-дің аңызымен жекпе-жек өткізеді

Қуат Хамитов ресейлік ММА-дің аңызымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов келесі жекпе-жегін тәжірибелі ресейлік Александр Шлеменкоға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы 35 жастағы спортшы Instagram-парақшасында жазды.

«Бүгін, 20 тамызда Top Fight лигасының жетекшісі Марат Сидикеевпен ресейлік ММА-дің аңызы Александр Шлеменкомен жекпе-жек өткізу туралы келісімге қол жеткіздік. Турнирдің өтетін орны мен күні туралы кейінірек білесіздер», - деп жазды Хамитов.

Еске салайық, Қуат Хамитов кәсіпқой ММА-де 27 рет жеңіп, 5 мәрте жеңілген, тағы екі кездесу тең аяқталған болатын. Ал 39 жастағы Шлеменконың еншісінде 65 жеңіс пен 15 жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или