«Снежные Барсы» Туладағы турнирге қатысатын құрамын жариялады
Тамыздың 21-і мен 25-і аралығында «Снежные Барсы» Тула қаласында өтетін «Тула облысы губернаторының кубогы» турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Халықаралық турнирге бес команда қатысады:
— «Академия Михайлова» (Тула обласы), «Чайка» (Нижний Новгород), СКА-1946 (Санкт-Петербург), «Динамо-Шинник» (Беларусь), «Снежные Барсы» (Қазақстан).
21 тамызда турнирдің салтанатты ашылуы өтеді. Жарыс 25 тамызда аяқталады.
«Снежные Барсы» құрамы:
Қақпашылар: Артём Шестаков, Даниил Кудимов;
Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Роман Большедворский, Бейбарыс Оразов , Глеб Решетько, Семен Роев, Егор Шимин, Мстислав Шипилин;
Шабуылшылар: Абзал Алибек, Арыстан Амырканов, Адиль Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Карим Кажибеков, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Егор Левковец, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Константин Морожников, Асанали Русланулы, Асанали Саркенов , Семён Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов, Илья Шапоров.