Ауырға соққан жекпе-жекте Санжар Сапарғалиев Бакуде жергілікті файтерді жеңді

Ауырға соққан жекпе-жекте Санжар Сапарғалиев Бакуде жергілікті файтерді жеңді

Бакудегі OCTAGON 48 жарысында басты екінші жекпе-жегінің жеңімпазы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қазақстандық Сержан Сапарғалиев (4-8) мен әзірбайжандық Гадир Муслунзаде (7-4) кездесті.

Сапарғалиев үшін бірінші раунд қиынға соқты. Тіпті мерзімінен бұрын жеңілуге жақын болды.

Екінші раунд тең өтті, бірақ жергілікті файтер қарсыласына қылқындыру әдісін қолдануға тырысқанымен, Санжар шыдап бақты. 

Үшінші раундта да қарсыластар жеңімпаз анықтай алмады. Төрешілердің шешімі екіге бөлініп, басым дауыспен Сапарғалиев жеңіске жетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или