OCTAGON 48. Қазақстан-Әзербайжан текетіресі мерзімінен бұрын аяқталды

OCTAGON 48. Қазақстан-Әзербайжан текетіресі мерзімінен бұрын аяқталды

Бакуде өтіп жатқан OCTAGON 48 турнирі аясында бастапқы кардтың финалдық жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақта қазақстандық Әлібек Сейдазым (1-1) жергілікті файтер Тұрал Асгеровпен (2-1) кездесті.

Бірінші раунд көрермендер үшін әсерлі әрі қызықты өтті, бірақ фаворитті анықтай алмады. Екінші раундта төрешінің бірнеше ескертуіне қарамастан қазақстандық пассивті қорғанысын жалғастырды. Нәтижесінде бас қазы жеңісті Асгеровқа берді. 

Айта кету керек, ауқымды жекпе-жек кешінің негізгі шайқасында әзірбайжандық Гундуз Набиев (6-4) пен Өзбекстан өкілі Ислом Болтаев (3-2) орта салмақтағы «уақытша» титулды сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или