«Барыс» орталық шабуылшымен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді
«Барыстың» бас директоры Борис Иванищев қазақстандық клубқа орталық шабуылшы керек екенін және оны сатып алу жұмыстары жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды <span> </span>Prosports.kz.
«Расында, бапкерлер штабына орталық шабуылшы керек. Маусым ұзақ, маусым барысында бәрі болуы мүмкін, бастысы жарақаттар болмаса. Осы позицияда ойыншы біздің командада қойылған мақсаттарды орындау үшін керек. Бұл бойынша жұмыстар, келіссөз жүргізіліп жатыр.
Бас менеджерді ауыстыру? Сәтсіз маусымнан кейін қорытынды жасадық. Бас менеджер Вячеслав Беланмен қоштасуды жөн көрдік. Бас менеджер қызметіне бірнеше үміткер болған. Нәтижесінде Олег Болякин тағайындалды. Вячеслав Михайлович клубта қалмады», - деп келтіреді Иванищевтің сөзін клубтың баспасөз қызметі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или