Титулды реванш, «Гангстердің» Ақтөре Батырбекті жеңген файтермен кездесуі және «Джакстың» жекпе-жегі

Титулды реванш, «Гангстердің» Ақтөре Батырбекті жеңген файтермен кездесуі және «Джакстың» жекпе-жегі

Жұма, 18 тамызда Бакуде аралас жекпе-жектен OCTAGON 48 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Әзербайжандағы Еуразиялық жекпе-жек лигасының алғашқы кешінде орта салмақтағы «уақытша» чемпион атағы сарапқа салынады.

Оны әзербайжандық Гундуз Набиев (6-4) пен өзбекстандық Ислом Болтаев (3-2) сарапқа салады. Қос спортшы арасындағы реванш бес раундтқа жоспарлаған.

Кештің тағы бір жекпе-жегі тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодиллоев (6-1) пен әзербайжандық Роял Лейлизаде (5-0) арасында өтеді.

2022 жылғы қыркүйектегі жекпе-жегінде әзербайжандық файтер қазақстандық Ақтөре Батырбекті күтпеген жерден, бірақ сенімді түрде жеңіп, титулға үміткер болды. Лейлизаданың сол кезде ең жеңіл салмақтағы титул иегері Дамир Төленовпен чемпиондық жекпе-жек өткізуге бірнеше мүмкіндігі болды, бірақ әртүрлі себеппен бұл кездесу өтпей қалды.

Ибодиллоевқа келетін болсақ, 2023 жылы спортшы екі кездесу өткізді. Ақпан айында тәжікстандық «Гангстер» «Қазақ Сехудосынан» жеңілді, одан кейін тәжірибелі қазақстандық Дархан Сқақовты ұтты.

Ибодиллоев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында қарсыласын жалған файтер деп атады, өз кезегінде Лейлизада да аянып қалған жоқ, ол да қарсыласын сынға алды.  

Шараның негізгі кардында Әзербайжанның тағы бір жеңілмеген өкілі Элтаж Хасанов (7-0) қазақстандық Жансерік Жақсығұловпен (4-3) кездеседі.

Хасанов үшін «Джакспен» жекпе-жек оның өз жанкүйерлерінің алдында өтетін Еуразиялық жекпе-жек лигасындағы дебюті болмақ. Ол Әзербайжанда өзінің мінсіз рекордын жалғастырып, жекпе-жекті нокаутпен аяқтауға уәде берді, демек бұл жекпе-жек те мотивацияға толы.

ММА жанкүйерлері бұдан бөлек қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Руслан «Барс» Серікпулов (17-17) пен әзербайжандық Акшын Бабаев (22-9) кездесуін көреді. 

Жартылай жеңіл салмақта жеңілмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (4-0) жергілікті тәжірибелі файтер Эльнар Ибрагимовпен (17-8) кездеседі.

Магомедов кәсіпқой спорттағы барлық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген. Ол осы сәтті сериясын жалғастырғысы келеді.

Қырғыз файтері өзін ардагерлер кеңесін қажет етпейтін жаңа буынның спортшысы деп санайды, ол 18 тамызда Ибрагимовты жеңуге ниетті.

Алдын ала кард бағдарламасында «Питон» лақап аты бар қазақстандық Тимур Қуаныш (2-0) пен түркиялық Кемал Салих (1-3) кездеседі. Көз түйістіру кезінде қос қарсылас арасында төбелес шығып, оны турнирді ұйымдастырушылар дер кезінде тоқтатты.

Кештің негізгі кардын мына жерден көруге болады. 

Айта кетейік, кеш 18 тамызда өтеді. Турнирдің тікелей трансляциясы OCTAGON TV YouTube арнасында көрсетіледі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или