OCTAGON 48 турнирінің негізгі карды жарияланды
Евразиялық жекпе-жек лигасы әзербайжанда өтетін алғашқы турнирдің негізгі кардын жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бакуде өтетін OCTAGON 48 турнирінің басты жекпе-жегінде Әзербайжан өкілі Гундуз Набиев (6-4) пен өзбекстандық Ислом Болтаев (3-2) орта салмақтағы «уақытша» титулды сарапқа салады.
Кештің негізгі карды:
Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Фатих Шентюрк (2-2, Түркия) – Исмаил Исмаилзаде (3-2, Әзербайжан)
Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Сержан Сапаргалиев (4-8, Қазақстан) – Гадир Муслунзаде (7-4, Әзербайжан)
Аралық салмақтағы жекпе-жек:
Жансерик Жаксыгулов (4-3, Қазақстан) – Элтаж Хасанов (7-0, Әзербайжан)
Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Муртазали Магомедов (4-0, Қырғызстан) – Эльнар Ибрагимов (17-8, Әзербайжан)
Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Шерзод Ибодиллоев (6-1, Тәжікстан) – Роял Лейлизаде (5-0, Әзербайжан)
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Руслан Серикпулов (17-17, Қазақстан) – Акшин Бабаев (22-9, Әзербайжан)
Орта салмақтағы титулды жекпе-жек:
Ислом Болтаев (3-2, Өзбекстан) – Гундуз Набиев (6-4, Әзербайжан).
Айта кетейік, кеш 18 тамызда өтеді. Турнирдің тікелей трансляциясы OCTAGON TV YouTube арнасында көрсетіледі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі