«Сөздері үшін жауап береді». Қазақстандық файтер Бакуде қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берді

«Сөздері үшін жауап береді». Қазақстандық файтер Бакуде қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берді

Әзербайжандағы OCTAGON 48 жекпе-жек шоуының негізгі карды аясында жеңілмеген жергілікті файтер Элтаж Хасанов (7-0) пен қазақстандық Жансерік Жақсығұлов (4-3) арасында шайқас өтеді.

18 тамызда Бакудегі торға кірер алдында қазақстандық файтер Prosports.kz тілшісіне алдағы жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.

– Жансерік, наурыздағы титулдық жекпе-жекке қарағанда, енді толыққанды оқу-жаттығу жиынын өткізуге мүмкіндік болды. Дайындық қалай өтті?

- Наурызда мен жекпе-жекке төрт күн қалғанда октогонға шығатынымды білдім. Бес ай өтті. Дайындықтың қалай болғанын инстаграмға жариялап отырдық. Мен қазір басқа деңгейдемін, оны 18 тамызда көресіздер, ин ша Алла.

- Сіздің қарсыласыңыз жеңілмеген Элтаж Хасанов болады. Қарсылас жайлы қандай ақпарат бар?

- Рекорд 7-0, бірақ мен оның қай жерде жекпе-жек өткізгенін де білмеймін. Бәлкім өз отанынан басқа жерге шықпаған шығар. Өз жерінде рекорд жасау оңай. Таңқалдыратындай өнерін байқамадым. 

- Хасанов жекпе-жектердің жартысынан көбін мерзімінен бұрын аяқтады, сіз қатысқан жекпе-жектердің барлығы дерлік бүкіл қашықтыққа өте алмады. 18 тамызда жанкүйерлер не күтеді?

«Мен жай ғана шықпаймын. Маған шоу ұнайды. Маған нокаут пен спектакль ұнайды. Менен осы күтіңіздер.

– Жақында Хасанов сіздің мансабыңызды аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді. Сіз бұл батыл мәлімдемені қалай қабылдадыңыз?

- Мен оған төрт-бес күн бұрын сөз айттым, сол кезде жауап беру керек еді. Кейін бірдеңе жазудың қажеті жоқ, өйткені ол қызық емес. Ол менің мансабым туралы қателесті және сөздері үшін жауап береді.

- Хасановқа жанкүйерлер алдында тартысты өнер көрсетіп, тік тұрып төбелесуді ұсынасыз ба? 

- Қуана-қуана! Бірақ ол менің соқпалы техникамның деңгейін сезінгенде, өзі тізерлейді. Сондықтан күреске салады деп ойлаймын.

 - Осымен екінші рет сіз жат жерде жекпе-жек өткізіп жатырсыз. Басқа елде шайқасқа шығу қалай?

- Мен үшін қайда және кіммен төбелесу маңызды емес - бұл біздің жұмысымыз. Әрине, шетелде өнер көрсету ерекше, өйткені өз еліңнің туын басқа елдерде көтеріп жүрсің, бұл маған қосымша мотивация береді. Сенім білдірген ұйымдастырушыларға рахмет, барлығы тамаша деңгейде. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или