Шымкенттегі матчта жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды
Шымкенттегі футболда жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кеше Шымкент қаласындағы «Биик» шағын стадионында «Қайрат-жастар» және «Оңтүстік» жастар құрамаларының кездесуі өтті.
Ойын барысында алматылық команда ойыншылары мен жергілікті жанкүйерлер арасында төбелес болды.
Төрешілер ойыншыларға шара қолданды. Ал, жергілікті команданың жанкүйерлері полиция бөліміне жеткізілді.
«Полицияға шағым түскен жоқ. Ал, жанкүйерлерге футбол матчтарында өзін-өзі дұрыс ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или