Зайнутдинов «Бешикташта» қанша жалақы алатыны белгілі болды

Зайнутдинов «Бешикташта» қанша жалақы алатыны белгілі болды

Түркиялық журналист Мурат Озен мәскеулік ЦСКА мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов «Бешикташта» қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ойыншы «Бешикташта» жылына 1,2 миллион еуро жалақы алады», - деп жазды журналист Twitter-де.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік инсайдер Иван Карпов «Бешикташ» пен ЦСКА Зайнутдиновтің трансферіне келіскенін хабарлаған, түркиялық клуб ойыншы үшін бес миллион еуро төлейді, сондай-ақ мәскеулік клуб кейінгі трансфердің 15%-ын алады. 

Шілде айының аяғында Зайнутдинов 3 миллион еуроға «Бешикташқа» ауысады деген ақпарат тараған.

Зайнутдиновтың «Бешикташқа» ауысатын трансфер сомасы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или