Зайнутдиновтың жаңа клубқа қашан ауысатыны белгілі болды

Зайнутдиновтың жаңа клубқа қашан ауысатыны белгілі болды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтың түріктің Бешікташына қашан аттанатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сочимен матч Бактиер үшін қоштасу болады, бірақ оның жарақатына байланысты алаңға шықпауы да мүмкін. Алдағы аптаның басында футболшы Стамбулға барып, медициналық тексеруден өтіп, келісімшартқа отырады», - делінген «Инсайды от Карпа» телеграм-арнасындағы хабарламада.

Айта кетейік, шілде айының соңында Зайнутдиновтың 3 миллион еуроға «Бешиктасқа» ауысуға жақын екені хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или