«Оған кедергі болады». OCTAGON титулына үміткер өзбек файтері Бакуде тартысты жекпе-жек көрсетпек

«Оған кедергі болады». OCTAGON титулына үміткер өзбек файтері Бакуде тартысты жекпе-жек көрсетпек

Бакудегі OCTAGON 48 турнирінің басты жекпе-жегінде әзербайжандық Гундуз Набиев (6-4) пен өзбекстандық Ислом Болтаев (3-2) ұйымның орта салмақтағы «уақытша» чемпионы атағын сарапқа салады.

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы тарихында алғаш рет Әзербайжанда өтетін турнир қарсаңында Prosports.kz тілшісі кештің негізгі қатысушылардың бірімен сұхбаттасты.

- Ислом, Гүндуз Набиевпен реваншқа дайындық қалай жүріп жатыр және бәрі жоспар бойынша ма?

– Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр, мен бабымдамын. Тартысты жекпе-жек өткіземіз деп ойлаймын.

– Сізбен октагондағы жекпе-жекке дейін Әзербайжан спортшысы бес кездесуде жеңілмеген еді. Алғашқы жекпе-жекте қарсыласқа ауыр психологиялық соққы жасадым деп ойлайсыз ба?

- Гундуздың жеңіс сериясы туралы айтатын болсам, мен оған ауыр психологиялық зақым келтірдім деп ойламаймын, бірақ бәрібір, екінші жекпе-жекте осы ойлар оған кедергі болады. Жеңілістен кейін күресу аздап қиын.

– Сіздің карьераңыз да қатарынан екі жеңіліске байланысты қиын кезеңді бастан өткерді. Айтыңызшы, қиын жағдайды қалай түзете алдыңыз және ол үшін нені өзгерту керек еді?

– Бұл менің асығыстығым мен кәсібисіздігім болды. Мен мүмкіндігінше көп жекпе-жек өткізгім келді, бірақ бұл жеңілістерде салмақ қуу маңызды рөл атқарды. Бірінші жеңіліс кезінде мен бір нәрседен уланған күйде жекпе-жекке шықтым, бірақ мұны біз жекпе-жектен кейін ғана білдік. Екінші жағдайда 84 келіде төбелесуім керек еді, бірақ кейін қарсылас тарап кенеттен бас тартып, 77 келіні ұсынды. Нәтижесінде 80 келіде кездесуге келістік, бірақ мұндай жағдайда да көп салмақ тастауға тура келді және бұл білінді. Жекпе-жектің екінші раундында жеңіліп қалдым. Әдіс жасалған аяғым жарақаттанған еді, онда тейп тұрған, бірақ қандай да бір себептермен ұйымдастырушылар тордың алдында оны алып тастауға мәжбүр етті. Жеңіс сериясына жету үшін маған аз салмақ тастау керек болды. Осы себепті мен 84 келіде бақ сынауды жөн көрдім, өйткені бұл салмақта өзімді өте жайлы сезінемін.

– Алғашқы үш жекпе-жекті өзбекстандық промоушендерде өткізіп, содан кейін ғана OCTAGON-ға келдіңіз. Еуразиялық жекпе-жек лигасындағы жарыс деңгейі мен турнирлердің ұйымдастырылуы туралы не айта аласыз?

- Бұл жақсы ұйым. Мұнда бәрі өз деңгейінде – медиа, жарнама және жекпе-жекті тарату жағынан. Өзбекстанда ММА-ге 2020 жылы ғана рұқсат етілді, ал біздің ұйымдар енді ғана дамып келеді және олардың өсуге мүмкіндігі бар.

– Ташкенттегі жекпе-жектен кейін көпшілік сіздің жеңісіңізді апсет деп санады. Сіздің ойыңызша, алдағы жекпе-жектің фавориті кім?

– Біз екеуіміз де фаворитпіз. Екі шабуылшы, сондықтан кімнің жоспары жұмыс істейтінін және кім таңғалдыратынын көреміз. Бәрі Алла Тағаланың қалауы бойынша, сондықтан дайындалып, октагонда өзімізді көрсетеміз.

- Ендігі кездесу қарсыластың аумағында өтеді. Бұл туралы не ойлайсыз және бұл Набиевке басымдық береді деп санайсыз ба?

- Бұл қарсыласқа айтарлықтай басымдық береді деп ойламаймын, бірақ психологиялық және моральдық қолдау болады, өйткені жақын жерде жанкүйерлері, достары мен туыстары бар. Соған қарамастан октагонда екеуіміз ғана боламыз, сондықтан бәрі Алла Тағаланың қалауымен. Менің де әзербайжандық қаным бар екенін атап өткім келеді, менің үлкен әжем әзербайжан болған және сол елде менің туыстарым бар. Ол жақта менің де жанкүйерлерім болады деп ойлаймын, бұл маған біраз қолдау мен мотивация береді. Біздің мүмкіндіктеріміз тең.

– Сегізбұрышта қарсыласыңыздан не күту керегін білетін шығарсыз. Қарсыласыңыз сізге тосынсый жасауға қабілетті ме, қалай ойлайсыз?

– Бірінші жекпе-жектен кейін дайындық пен тактикаға өзгерістер енгіздік, бірақ кез келген адам таңғалдыра алады және болжау қиын. Біз бәріне дайынбыз.

– Бірінші жекпе-жектен кейін соңғы раундтарға сенім артқаныңызды айттыңыз. Қазір бес раундтық жекпе-жек болғанда тактика қалай өзгереді?

– Бәрін ашып айтпай-ақ қояйын, бірақ біз соңғы раундтарға сенім артып отырмыз. Әрине, алғашқы раундтарда жеңуге мүмкіндік болса, онда пайдаланамын.

– Орта салмақтағы «уақытша» чемпион атағы сарапқа салынады. Осындай қосымша мотивация туралы не айта аласыз?

– Белбеу өте күшті мотивация береді. Гүндузмен төбелескен турнирде екі әріптесім – Мухаммаджон Құрбанов пен Достон Бозоров белбеулер жеңіп алды. Fight Baza-да қазірдің өзінде екі титул бар және Алла Тағаланың қалауымен мені қолдап, маған сенетіндердің бәрін қуанту үшін үшінші белбеуді әкелуге тырысамын. Бәрі де Алла Тағаланың қалауымен.

– Жекпе-жек алдында қарсыласыңызға не айтқыңыз келеді?

– Менің оған қарсы ештеңем жоқ - тек спорттық мүдде. Гүндуз реванш алуға ниет білдіргендіктен, біз келістік. Оған тек денсаулық, амандық тілеймін, ал сегізбұрышқа шығып төбелесуіміз - жәй ғана спорт. Бұл ештеңе шектен шықпауы керек және мен барлық қарсыласымды құрметтеймін. Екеуіміздің де нәтижеге қарамастан, жекпе-жектен жарақатсыз өтіп, мансабымызды жалғастыруымызды, сондай-ақ жұмысымызды істеп, отбасымызды асырауымызды тілеймін. Көрермендерге тартыс пен деңгей көрсетіп, лайық жекпе-жек өткізуіміз үшін Гундуздың жекпе-жекке жақсы формада келуін тілеймін.

Фото: OCTAGON

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 48 турнирінің бар серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или