Хорватияда гладиаторлар жекпе-жекке шыққан аренада ММА турнирі өтеді
Fight Nation Championship промоушені тарихи аренада жаңа турнир өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі спорт24 сайтына сілтеме жасап.
2 қыркүйекте Пула амфитеатрында ММА жекпе-жектері өтеді. Ежелгі Рим дәуірінің бұл аренасы біздің дәуірімізге дейінгі 27 жылы Хорватияның Пула қаласында қаланған және біздің дәуіріміздің I ғасырында гладиаторлар шайқасын өткізген.
Тарихи аренадағы турнирдің басты жекпе-жегінде Михал Андришак (11-5-1) пен ауыр салмақтағы белбеу иегері Иван Витасович (22-5) кездеседі.
Сондай-ақ турнирде Джордан Бартон мен бұрынғы UFC файтері Рони Джейсон арасында жекпе-жек өтеді. Бартон бұрын Bellator-да өнер көрсеткен және MMA-дегі нәтижесі - 8-3-1. Джейсон 16-10 нәтижесімен келеді, ол 2012 жылы Бразилияда The Ultimate Fighter жеңімпазы атанған.