Еуропа лигасының плэй-офф кезеңі: тікелей трансляция
Бүгін Ньондағы (Швейцария) Еуропалық футбол үйінде УЕФА Еуропа лигасы 2023/24 маусымының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еуропа лигасында Қазақстан намысын «Астана» қорғайды. Үшінші іріктеу кезеңінде Григорий Бабаян шәкірттері болгариялық «Лудогорецпен» кездеседі.
Еске салайық, жақында «Астана» загребтік «Динамодан» (екі матчтың қорытындысы бойынша 0:6) жеңіліп, Чемпиондар лигасынан ұшып кеткен болатын.
Еуропа лигасы плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или