«Арсенал» Англия Суперкубогын жеңіп алды

«Арсенал» Англия Суперкубогын жеңіп алды

2023 жылғы Англия Суперкубогында «Арсенал» «Манчестер Ситиді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтті.

Ойын есебін 77-минутта «Манчестер Ситидің» қосалқы құрамнан алаңға шыққан жас жартылай қорғаушысы Коул Палмер ашты. Бірақ лондондық команда 90+11-минутта есепті теңестіріп кетті, гол авторы – Леандро Троссард.

Осылайша, ойын 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында «Арсенал» жеңіске жетті. Есеп – 4:1.

«Арсенал» тарихында 17-мәрте Суперкубокты жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или