Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша табыс тапты

Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша табыс тапты

Бүгін, 6 тамызда Нэшвиллде (АҚШ) өткен UFC on ESPN 50 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев ямайкалық Оде Осборнды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жектің екінші раундында Алмабаев қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Алмабаев Осборнға қарсы жекпе-жекте 78 000 доллар гонорар (октагонға шыққаны үшін 12 000 доллар, жеңіске жеткені үшін 12 000 доллар, «Кештің үздік кездесу сыйақысы» 50 000 доллар, 4 000 доллар - UFC ынталандыру бонусы) алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или