Алмабаев UFC турнирінде үздік өнер көрсеткені үшін бонус алды

Алмабаев UFC турнирінде үздік өнер көрсеткені үшін бонус алды

Жеңіл салмақтағы қазақстандық өкілі Асу Алмабаев (17-2) Ultimate Fighting Championship турнирінде дебюттік жекпе-жегін өткізді. Жекпе-жек екінші раундта қазақстандықтың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир нәтижесінде бес файтер кештің үздік өнері үшін $50 000 бонус алды. Олардың қатарында Асу Алмабаев та болды.

Айта кетейік, қазақстандық үшін бұл жеңіс ММА-дағы кәсіпқой мансабындағы 18-ші және UFC-дегі алғашқы жеңісі болды.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық Азат Мақсұм (17-0) UFC турнирінде сәтті дебют жасап, UFC on ESPN 49 шарасы аясында америкалық Тайсон Намды (21-14-1) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или