Жанкүйерлер кінәлі ме? «Ордабасы» еурокубокта өз алаңында ойнай алмайды
Шымкенттік «Ордабасы» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтсе, өз алаңындағы матчын «Астана-Аренада» өткізеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, шымкенттік клуб Қажымұқан атындағы стадионда ойнай алмайды. Бұл жанкүйерлердің әрекетіне қатысы жоқ, бұл шешім еурокубок алдында қабылданған.
Қажымұқан атындағы стадион УЕФА ІІ категориясына жатады, ал үшінші іріктеу кезеңінде ойнау үшін ІІІ категория қажет. Мұндай дәреже Қобыланды батыр атындағы стадион (Ақтөбе) мен «Түркістан Аренада» бар.
Ал топтық кезеңде ойнау үшін IV дәрежа қажет, ол тек «Астана-Арена» мен Алматыдағы Орталық стадионда бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или