Конор МакГрегор бір жекпе-жектік келісімшартқа отырды

Конор МакГрегор бір жекпе-жектік келісімшартқа отырды

Аралас жекпе-жектен танымал файтер Конор МакГрегор Джастин Гэтжимен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джастин Гэтжи Конор МакГрегорға көп сөйлемей келісімшартқа отыруды ұсынды. Конор келісімшартқа қол қойдым деп жауап берді.

Еске салайық, Джастин Гэтжи UFC 291 турнирінің басты кездесуінде Дастин Порьені нокаутпен жеңіп, BMF белбеуінің иегері атанды.

Конор МакГрегор сегізбұрышқа шықпағанына екі жылдан асты. 2021 жылдың шілдесінде ол Порьеден техникалық нокаутпен жеңілді. Конор оралғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жек Майкл Чандлермен өтеді деп хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или