Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алтын жүлдені таэквондошы Рита Бакишева алды. 46 келі салмақта бақ сынаған отандасымыз финалда Қытай Тайпейінен келген Хуан Инь Суаньді жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының Универсиададағы медальдер саны 11-ге жетті. ҚР студенттер құрамасының қоржынында бір «алтыннан» басқа бес күміс және қола медаль бар.
Айта кетейік, 2023 жылғы Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады, Қазақстан спорттың он түрінен өнер көрсетеді.
Универсиада: Елжана Таниева екі медаль жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или