Универсиада: Елжана Таниева екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Елжана Таниева Чэнду қаласында (Қытай) өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиада ойындарында екі медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы жекелей сында <span>шығыршықпен өнер көрсетуде үшінші орын алды. Ол</span> Венгрия және Украинадан келген қарсыластарына есе жіберді.
Ал доппен жаттығуда күміс медельге ие болды. Алтын жүлде Венгрия споршысына, ал қола медаль болгариялық гимнастқа бұйырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына сегіз медалі түсті: төрт «күміс» және төрт «қола». Таниевадан бөлек, мерген Никита Чирюкин, құрамында Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин өнер көрсететін винтовкадан ату командасы, сондай-ақ садақшы Диана Тұрсынбек күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдегер атанған спортшылар: дзюдошылар Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов, 10 метрден винтовкамен атудан ерлер құрамасы (Малиновский, Сәтбаев және Шахторин) және Таниева.