Жастар құрамасының бұрынғы хоккейшісі мансабын аяқтады

Shaiba.kz сайтына белгілі болғандай, қорғаушы Александр Нурек ойыншылық мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маусым айында 33 жастағы хоккейшінің «Горнякпен» келісімшартын ұзартқаны туралы хабарланған болатын.
Бұған дейін ол «Алтай-Торпедо», «Лида», «Торпедо», «Алматы», «Ертіс», «Құлагер» және «Арлан» командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы қатарына екі рет жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетті.