Бабаян: Футболшылардың рухын көтеруге тырысамыз

Бабаян: Футболшылардың рухын көтеруге тырысамыз

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Загребтің «Динамосына» қарсы өткен алғашқы ойынға (0:4) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Біз «Динамоның» мықты әрі салмақты команда екенін білдік. Қарсыласқа көп мүмкіндік беріп қойдық, қорғаныстан шыға алмадық. Бірінші голдан кейін өзімізге келе алмадық. Жағдайды түзетуге тырысқанмен бәрі кеш болды. Қарсылас мықты. 

- Қарымта ойында мүмкіндік бар ма?

 - Көп өзгеріс енгізуіміз керек. Ең болмағанда екінші кездесуде жақсы әсер қалдыру үшін сәттілікке үміттенеміз.

 - Сіз ғажайыптың болуы мүмкін дегенге сенесіз бе?

- Ойыншылардың рухын көтеруге тырысамыз, жанкүйерлердің қолдауына ие боламыз, жақсы ойын күтемін. Футболда ешқашан болжай алмайсың.

— Чондрич пен Томасовты қалай бағалайсыз?

— Қақпашы бірнше сэйв жасады. Өткір соққыларға төтеп берді. Томасқа келетін болсақ, өз жерінде хорватиялық жанкүйерлер алдында өзің көрсеткісі келді. Тырысты. Бірақ жақсы ойын көрсетуге болатын еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или