18 жастағы файтер ММА-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Видео

OCTAGON SELECTION 23 турнирінде екі жас қазақстандық файтер арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кештің бесінші жекпе-жегінде 20 жастағы Нұрмұхамет Баекеев 18 жастағы Дінмұхамет Әкімбаймен (1-0) кездесіп, Әкімбай кәсіпқойлар арасында екінші жеңісіне қол жеткізді.
22 шілдеде Алматыда OCTAGON 47 турнирі өтеді. Жекпе-жек кешінің басты белдесуінде қазақстандық Бекзат Алмахан (15-1) бразилиялық Матеус Глориямен (12-1-1) кездеседі. Ивент «командаға команда қарсы» форматында Қазақстан мен Бразилия арасындағы өтеді.