21 жастағы қазақстандық файтер кәсіпқой ретіндегі дебютінде жеңіске жетті

Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON SELECTION 23 іріктеу турнирі аясында кәсіпқой ретінде карьерасын бастаған қазақстандық файтерлар арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Аса жеңіл салмақта 19 жастағы Нариман Меметов пен 21 жастағы Нұр Әбдірахын Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының негізгі кезеңіне жолдаманы сарапқа салды.
Кездесуде 21 жастағы Нұр Әбдірахын жеңіске жетті.
22 шілдеде Алматыда OCTAGON 47 турнирі өтеді. Жекпе-жек кешінің басты белдесуінде қазақстандық Бекзат Алмахан (15-1) бразилиялық Матеус Глориямен (12-1-1) кездеседі. Ивент «командаға команда қарсы» форматында Қазақстан мен Бразилия арасындағы өтеді.