Түркияда таэквондодан өткен турнирде Қазақстан 15 медаль жеңіп алды
Анкара қаласында (Түркия) таэквондодан Turkish Open G-2 халықаралық турнирі өтті, оған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирдің «алтынын» Батырхан Тілеуғали жеңіп алды.
Алтыншаш Ыдырыс, Абдолла Әбілқасым, Димаш Нұрқожаұлы, Аяулым Сапаралиева, Еркебұлан Еңсегенов, Теміржан Тасқын күміс жүлдегер атанды.
Қола жүлдені Аида Тәукенова, Рамина Таирова, Әлібек Нұрғазы, Ерболат Хасан, Нұрасыл Қуандық, Әділ Тілеуғабылов, Нұрай Қазнабек, Әнуар Махамебкәрімов иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или