Super Bol 2.0 жобасы: Астанада футболдан гранд-финал өтеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз29 шілдеде елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан «Super Bol 2.0» жобасының гранд-финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғандай, ақтық кездесуде «Super Bol» финалистері «Qj league» құрамасына қарсы ойнайды.
Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойынға шетелдік жетекші клубтардың 20-ға жуық скауты келеді деп жоспарланып отыр. Ал, финалдық ойынның төрешісі әлем чемпионаттарындағы кездесулерде ең көп төрелік жасаған Равшан Ирматов болмақ.
Ойын арасындағы үзілістерде жанкүйерлер үшін қазақстандық «Ирина Кайратовна» тобы өнер көрсетеді.
Еске салайық, бұл жоба өткен жылы бастау алған. Былтыр да «Super Bol» жобасының ақтық ойыны «Астана Арена» стадионында өтті.