Азат Мақсұм UFC-де кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты
Бүгін таңертең ММА-да жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Азат Мақсұм (17-0) UFC турниріндегі дебютін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лас-Вегаста (АҚШ) UFC on ESPN 49 турнирі аясында өткен жекпе-жектегі Мақсұмның қарсыласы тәжірибелі америкалық Тайсон Нам (21-14-1) болды. Қазақстандық бастапқыда айқын фаворит саналғанымен, үш раундқа жоспарланған жекпе-жек ақыры бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен ғана (28-29, 29-28, 29-28) Азаттың пайдасына аяқталды.
«Джошуа Ван есімді жігіт бар. Сонымен жекпе-жек өткізу қызық болар еді. Өйткені оны Қазақстанда таниды. Бір жағынан, ағамыз Жалғастың кеткен есесін қайтарғым келеді», - деді Азат.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или