«Тарих жазамыз». Қайрат Ахметов - Мақсұмның UFC-дегі дебютіне дайындағы туралы
Танымал қазақстандық файтер, One Championship экс-чемпионы Қайрат Ахметов Азат Мақсұмның UFC-дегі дебютіне дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Дядя Ваня» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
– Біз бұған дейін бірге жаттыққан Денвердегі (Колорадо) «Elevation Fight Team» залын таңдадық.
– Акклиматизациядан өтіп, Азаттың UFC-дегі дебютіне дайындықтың бірінші кезеңін жасадық. Біз тамаша жұмыс істедік және финалдық кезеңді де осы залда өткіземіз деп шештік. Мұнда бәрі жоғары деңгейде және көптеген жақсы спарринг серіктес бар.
Залды таңдауда тағы бір негізгі фактор бар - жаттығулар биік таулы жерлерде өтеді. Спарринг серіктестер арасында әртүрлі деңгейдегі файтерлер бар. Қарап, бақылап, Азатқа лайық файтерлерді өзім таңдадым. Стилі Тайсон Нэмге ұқсайтындарды алдым.
– Секундант кім болады?
– Алдағы жекпе-жекке Азат Мақсұмды мен шығарамын, «бұрышта» да көмектесемін. Менің білімім кедергі келтірмейді. Команда мені негізгі секундант ретінде таңдады. Біз біраз уақыттан бері бірге жаттығып келеміз.
– Тайсон Нэм немен қауіпті?
– Америкалықтың көзірі - ол оң қолмен және оң аяқпен ауыр соққы жасайды. Жасы үлкен, өте тәжірибелі файтер. Алдағы жекпе-жекте классикалық қақтығыс болады: торда жастық пен тәжірибе текетіреседі
Нэмді жылдамдықпен жеңуге болады. Дегенмен қарсыластың жасы үлкен. Жеңіске деген ұмтылысты да ескеруіміз керек. Меніңше, америкалықтың ерекше мотивациясы жоқ, ал Мақсұм – аш қасқыр. Ол жеңу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.
– Салмақ қуу процесі қалай жүріп жатыр?
– Біз бұл мәселе бойынша Octagon League президенті Нұррадин Садықовпен жұмыс істеп жатырмыз. Үнемі байланыстамыз, жігіттер де көмектесіп жатыр. Бірақ түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілік менің мойнымда. Салмақ қуу процесі әрқашан ауыр екенін білемін. Жекпе-жекке күш-қуат қалдырып, артық салмақтан сауатты құтылу маңызды.
Үнемі дайындық процесіне қатысқандықтан, қорытынды нәтиже үшін жауапкершілікті сезінемін. Мен үшін, бапкер ретінде, бұл үлкен және маңызды тәжірибе. Бар білімімді шәкіртіме беруге тырысамын және үнемі жаңа нәрсе үйренемін. Азат Мақсұм үшін қатты алаңдаймын. Жексенбіге қараған түні тарих жазамыз.