«Одан көп нәрсе үйрендім». UFC-дегі қазақ файтері Кори Сэндхагенмен спаррингі жайында айтты
UFC-дегі дебютіне дайындалып жатқан қазақстандық файтер Азат Мақсұм (16-0) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-тағы жаттығу лагері, UFC-дегі топ-файтер америкалық Кори Сэндхагенмен (16-4) спаррингі жайында айтты.
– Иә, Кори Сэндхагенмен спарринг өткіздім, ол өз дивизионында соққысы жойқын файтерлердің бірі. Одан көп нәрсе үйрендім, бірақ қалыспауға тырыстым, – деді файтер.
Азат 16 шілдеге қараған түні америкалық Лас-Вегаста UFC on ESPN 49 ивенті аясында ең атақты промоушенде дебютін өткізеді, оның қарсыласы америкалық Тайсон Нэм (21-13-1) болады.
Айта кетейік, қазақстандық файтер бұған дейін OCTAGON лигасында өнер көрсетіп, аса жеңіл салмақта чемпион болған еді.
Фото: OCTAGON
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или