«Қазақ Сехудосы» Чурчаевпен кикілжіңнің себептерін айтты

«Қазақ Сехудосы» Чурчаевпен кикілжіңнің себептерін айтты

Қазақстандық ММА файтері Дамир Төленов шешенстандық Шовхал Чурчаевпен кикілжіңге не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен TikTok-та көрген оқиғаны жарияладым, ол қоқан-лоқы көрсетіп, мені бұғаттап тастады. Мен оған Қазақстанға кел деп айттым, бірақ жауап алмадым», - деді «Қазақ Сехудосы».

Чурчаев (13-3) «Дағыстандық парсы» лақапатымен танымал Мохаммед Хейбатиге қарсы жекпе-жек алдында өз салмағының шегінен шығып кеткен (15 келіге ауыр болған) еді. Төленов (10-0) сол үшін Чурчаевты мазақ еткен.

Дамир аса жеңіл салмақта (57 келіге дейін) өнер көрсетеді. Ал Шовхал жартылай орта салмақта (77,1 келіге дейін) сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или