Титулға үміткер болған қазақстандық файтер өзбек спортшысымен кездеседі
Алматыдағы OCTAGON 47 турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері арасында тартысты жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Октагонда өзбек файтері Низомиддин Исроилов (3-3) пен қазақстандық Нұрбек Тәжібаев (4-2) кездеседі.
Исроилов кейінгі жекпе-жегін биыл наурызда Ташкенттегі OCTAGON 42 турнирінде өткізіп, бірінші раундта тәжікстандық Эрадж Насридиновті (3-2) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Тәжібаев болса, соңғы рет 2022 жылы шілдеде OCTAGON 33 турнирінде жекпе-жек өткізіп, отандасы Мәжит Сардаровқа (6-0) жол берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или