Александр Меркель БАӘ клубына ауысты

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Меркель БАӘ-нің «Хатта» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тараптар 2024 жылы 31 мамырға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
31 жастағы футболшы мамырда Түркияның «Газиантеп» клубынан кетіп, еркін агент атанған.
Бұған дейін Меркель «Хераклес», «Аль-Файсали», «Дженоа», «Адмиру Ваккер», «Бохум», «Милан», «Уотфорд», «Удинезе» сияқты клубтарда доп тепкен.