Италия үкіметі Маск пен Цукербергті Колизейде жекпе-жек өткізуге шақырды
Италияның Мәдениет министрі америкалық миллиардер Марк Цукербергке оның Илон Маскқа қарсы ықтимал жекпе-жегін Колизейде өткізу туралы ұсыныспен жүгінді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ақпаратты Илон Маск те өзінің әлеуметтік желілерінде растады.
«Жекпе-жек Колизейде өтуі мүмкін», - деп жазды Маск.
Еске салайық, Маск пен Цукерберг әлеуметтік желілерде ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге келісті. Бұған Марктың бұған дейін Илонның Twitter-ін алмастыратын платформа жасайтынын айтқаны себеп болды. Осыған байланысты Маск қарсыласын дуэльге шақыруды шешті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или