Жыл текетіресі ме? Илон Маск пен Цукербергке Колизейде жекпе-жек өткізу ұсынылды

Жыл текетіресі ме? Илон Маск пен Цукербергке Колизейде жекпе-жек өткізу ұсынылды

Twitter қожайыны Илон Маск пен Meta Platforms корпорациясының бас директоры Марк Цукерберг Римдегі Колизейде жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі nsn.fm сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында Цукербергке Италияның мәдениет министрі хабарласқаны атап өтілді. Сонымен бірге бұл идеяға кәсіпкерлер де қызығушылық танытты.

21 маусымда Маск Цукербергке ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуді ұсынған. Цукерберг ұсынысты қабылдады. Кейін кәсіпкерлер жекпе-жек алдындағы жаттығуларының видеосын жариялады. 2023 жылдың мамырында Цукерберг джиу-джитсудегі алғашқы жарысында алтын және күміс медаль жеңіп алған.

Басында жекпе-жекті Невадада өткізу ұсынылды, бірақ мұнда мәселе бар: штаттың атлетикалық комиссиясы салмағы мен бойы бірдей емес спортшылардың жекпе-жегіне келісім бермеуі мүмкін, өйткені Маск Цукербергтен ұзынырақ және айтарлықтай салмақты.

Маусым айының басында америкалық миллиардер Илон Маск Bloomberg Billionaires Index (BBI) нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орынға қайта көтерілді. Ол франциялық сәнді тауарлар өндіретін LVMH (Louis Vuitton) басшысы Бернар Арнодан озды. Соңғы мәліметтер бойынша, Масктің байлығы - 192 миллиард доллар.

Ал Meta Platforms корпорациясының басшысы Марк Цукерберг биылдың басынан бері өзінің байлығын 44,3 миллиард долларға арттырды. Қазіргі уақытта кәсіпкердің байлығы 89,9 миллиард долларға бағаланып отыр. Ол жыл басынан бері қаржылық өсім бойынша миллиардерлер арасында бірінші орында тұр, бұл рейтингте Илон Маскты басып озды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или