Қазақстанның 16 жасқа дейінгі баскетбол құрамасы Азия кубогына жолдама алды
Баскетболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Самарқан (Өзбекстан) қаласында өткен CABA іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия кубогына жолдама алды.
Қазақстан жасөспірімдері әуелі Қырғызстан жасөспірімдер құрамасын 97-42 есебімен жеңсе, шешуші ойында Өзбекстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерінен 91-47 (32-13, 20-16, 24-8, 15-10) есебімен басым түсті.
Қазақстан U16 құрамасы CABA аймағына берілген жалғыз жолдамаға ие болды.
Азия кубогының финал кезеңі 17-24 қыркүйек аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді.
Турнир нәтижесі:
1 орын: Қазақстан U 16
2 орын: Өзбекстан U 16
3 орын: Қырғызстан U 16
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или