Шавкат Рахмоновтың әлсіз тұсы айтылды

Шавкат Рахмоновтың әлсіз тұсы айтылды

«TheWeasle» арнасы қазақстандық Шавкат Рахмонов пен оның жаңа қарсыласы Келвин Гастелум арасындағы жекпе-жекке өз болжамын жасады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

«Келвиннің бұл жекпе-жекте жеңіске жетуге мүмкіндігі бар — оның жылдамдығы, сол қолымен жойқын соққысы. Шавкаттың басына дәл тисе, жеңіске жетуге болады. Ал біз Рахмонов басын көп қозғалта бермейтінін білеміз», — делінген роликте.

Шавкат Рахмонов пен Гастелум 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында UFC Fight Night турнирі аясында кездеседі.

Қазақстандық файтер ММА-де 17 рет (8 нокаут және 9 сабмишн) жеңіске жетті, қарсыласына жол беріп көрген жоқ. Ал америкалықтың статистикасы – 21-8.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или