«Номад» жаңа маусымға дайындық жоспарын жариялады
«Номад» Қазақстан чемпионатының алдағы маусымына дайындық жоспарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Команда 9 шілдеде демалыстан оралады.
Медициналық тексеруден өткен соң «Номад» Астанадағы оқу-жаттығу жиынының бірінші бөлігін (12 шілде мен 15 тамыз аралығында) бастайды.
16-19 тамыз аралығында «көшпенділер» Минскіде өтетін «Еуразиялық достық кубогы» халықаралық турниріне қатысады.
Одан әрі «Номад» 22 тамызда Астана мен Көкшетауда басталатын Қазақстан кубогында өнер көрсетеді. Команданың А тобындағы қарсыластары «Бейбарыс», «Ақтөбе», «Құлагер», «Алматы» және «Торпедо» болады.
Кубок аяқталғаннан кейін Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері чемпионат басталар алдында елордадағы оқу-жаттығу жиынының қорытынды бөлігін өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или