Ресми: UFC Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын жариялады
UFC басшысы Дана Уайт қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласының есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Спорт Шредингер» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Шавкат америкалық Келвин Гастелуммен кездеседі.
«Дана Уайт Шавкат Рахмонов - Келвин Гастелум жекпе-жегін жариялады.
16 қыркүйек, Лас-Вегастағы T-Mobile аренада Мексиканың Тәуелсіздік күніне орай өтетін UFC турнирінің негізгі жекпе-жегі болады.
Ал кегтің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Алекса Грассо (Мексика) бұрынғы чемпион Валентина Шевченкоға (Қырғызстан) қарсы реванш өткізеді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов ММА-да 17 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жеткен. Келвин Гастелум 29 жекпе-жекте 21 рет жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или