Қазақстандық теннисші Ұлыбританиядағы турнирдің жартылай финалына өте алмады
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Истборн қаласында (Англия) өтіп жатқан ATP-250 сериясындағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен жұптасып, хорватиялық Никола Мектич/Мате Павич дуэтінен 4-6, 4-6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды.
Еске салайық, Александр мен Гонсало бірінші раундта швециялық Андре Йоранссон мен жапониялық Бен Маклахлан дуэтін жеңген болатын.
Фото: meta-ratings.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или