Маусым қорытындысы бойынша ҰХЛ жекелей жүлделерінің жеңімпаздары белгілі болды
Ресейлік хоккейшілер Ұлттық хоккей лигасы маусымының қорытындысы бойынша соңғы 12 жылда алғаш рет бірде-бір жеке жүлде алған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жүлдеге үміткерлер тізіміне енген жалғыз ойыншы «Нью-Йорк Айлендерс» клубының қақпашысы Илья Сорокин болды, ол маусымның ең үздік қақпашысына берілетін трофей — «Везина Трофи» жүлдесіне ұсынылды. Бірақ хоккейші лиганың бас менеджерлері арасындағы дауыс беруде тек екінші орын алды. Жеңімпаз «Бостон Брюинз» қақпашысы Линус Улмарк атанды.
ҰХЛ жеке марапаттау рәсімінің нәтижелері:
Коннор Макдэвид – «Тед Линдсей Эворд», ҰХЛ ойыншыларының пікірі бойынша ең үздік. «Харт Трофи», маусым MVP . «Арт Росс Трофи», үздік бомбардир. «Морис Ришар Трофи», үздік сұрмерген
Линус Улльмарк – «Везина Трофи», үздік қақпашы
Мэттью Бенирс – «Колдер Трофи», жылдың жаңа ойыншысы
Джим Монтгомери – «Джек Адамс Эворд», үздік бапкер
Эрик Карлссон – «Джейм Норрис Трофи», үздік қорғаушы
Патрис Бержерон – «Селки Трофи», үздік қорғаныс шабуылшысы
Крис Летанг – «Билл Мастертон Трофи», хоккейге адалдық жүлдесі
Стивен Стэмкос – «Приз Марка Месье», көшбасшылық қасиеттері үшін марапат
Анже Копитар – «Леди Бинг Трофи», жыл джентельмені
Микаэль Баклунд – «Кинг Клэнси Трофи», көшбасшылық пен қоғамға қосқан үлесі үшін марапат